27-06-2024
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні Шығыс Қазақстандық полицейлер тұрғындарға зиянды заттардың қауіпті екенін айтып, «Есірткіге жол жоқ» атты ерекше акция өткізді.
Полиция қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануға шақыра отырып, парақшалар және қалпақтар мен футболкалар таратты.
Тәртіп сақшылары нашақорлық пен есірткінің таралуы қазіргі қоғамның проблемаларының бірі және ұлт денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті.
Акцияға қоғамдық келісім орталығы - Достық үйінің этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары белсенді қолдау көрсетіп, көпшілікке өз дарындарын, атап айтқанда би және вокалдық нөмірлерді көрсетті.
«Күш-жігерді біріктіру арқылы біз салауатты және жақсы болашақ жасай аламыз. Сіздерді спортпен шұғылдануға, дамуға, мақсат қоюға және жаңа биіктерге жетуге шақырамын», - деді өңірдің бас полицейі қала тұрғындарына.