Төтенше медиация бойынша көмек

04-11-2022

Төтенше медиация бойынша көмек

«Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығында»республикалық акция аясында ұйымдастырылған «Медиация кабинетінің» Ашық есік күні өтті.

Медиация – бұл медиатор деп аталатын тұлғаның қатысуымен даулар мен жанжалды жағдайларды шешу,  қиын жағдайларды шешуде, ымыраға келуге көмектесетін кәсіби маман.

Бүгінгі күні жанжалдарды шешудің бұл әдісі біздің өміріміздің әртүрлі салаларында: бизнесте, отбасылық қарым-қатынаста, оқу орындарында және т.б әсер етеді.

Іс-шара аясында кәсіби медиатор Танекенова Тулетай Замамбекқызы көмек сұраған жандарға дауды шешуге көмектесті.  Екі жақ та риза болып, оқиға аяқталды.

Дау-дамайдың дамымағандығын қаласаңыз, Достық үйіндегі – тамаша медиаторларымызға хабарласыңыздар!