24 мамыр күні Достық үй – қоғамдық келісім орталығының актілік залында Славян жазуы және мәдениетіне арналған Облыстық сайыс өтті. Бұл сайысқа Өскемен және Риддер қалаларының, Глубокое ауданының мектептерінің және ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің оқушылары, мәдениет және білім мекемелерінің ұжымы, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Оқушылардың конкурстық репертуары келесі музыкалық бағыттары: фортепиано, үрмелі және қазақ халықтық аспаптарымен ұсынылды. Қауым назарына суреттік сайысына қабылданған оқушылардың көркемөнер жұмыстары ұсынылды. Көрермендер алдына құттықтау сөзімен ШҚО ҚХА хатшылығының жетекшісі Е. Аязбаев сахнаға шықты.
Номинациялар бағдарламасына тарихи рефераттар, шығармалар, тарихи-әдеби очерктер, музыкалық конкурстар және Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған суреттер ұсынылды.
Концерттік бағдарлама өзіне жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, Достық үйі шығармашылық ұжымдарының орындауындағы өлеңдерімен және аспаптық нөмерлерін кіргізді. Марапаттау рәсімі ретінде тіркелген номинациялар арқылы үлгілі жұмыстар ұсынған оқушыларға мақтау қағаздары тапсырылып, ал жас дарындардың шығармашылық жұмысына жетекшілік еткен ұстаздар алғыс хаттарға ие болды.