26 мамыр күні Өскемен қаласындағы Облыстық Достық үйінде Славян мәдениеті мен жазуы мерекесіне арналған мектеп оқушылары арасында өткен шығармашылық жұмыс байқауының қортындысы мен байқау лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Бұл байқау 20 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Оның бастамашысы болған славян қоғамының қайраткері М.Н. Головков, байқау оның атымен аталады. Байқау Шығыс Қазақстан славян мәдениеті қоғамының жанынан ұйымдастырылып, оны өткізудің негізі жұмыстарын Өскемен қалалық славян ұйымы жүргізіп келді.
Қазіргі уақытта байқау ЛАД РСҚ филиалымен бірге өткізіліп келеді. Байқауға қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп отырған Облыстық Достық үйі, демеушілер, ал ақпараттық көмекті Ассамблея, білім бөлімдері, бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіп отыр. Оқушылар арасындағы шығармашылық байқау бес номинация бойынша өтеді: тарихи реферат, тарихи-әдеби очрек, әдеби шығарма, сурет, музыка. Жұмысты орындау үшін славян тарихын, мәдениетін бейнелейтін тақырып, Ресей және орыс тарихы мен мәдениетіннің белгілі даталары беріледі. Жұмысты Өскемен қаласындағы Қазақстан-Ресей гимназиясынан құрылған қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасында көп жылдардан бері А.Ф. Полковникова, Е.В. Алексеева, Л.Г. Березовская және басқада мұғалімдер мен оқытушылар жұмыс істеп келеді. Байқаудың қортындылау салтанатына Өскемен қаласының славян қоғамының белсенділері тікелей қатысып келеді, соның ішінде И. А. Любимовты бөле атап өтсек болады. Жыл сайын байқауды өткізу жетіліп, жаңа номинациялар енгізілуде. Биылғы жылы музыкалық байқауға алғаш рет балалар хоры қатысты. Осы бағытта жеңіпаз болған Өскемен қаласының №1 музыка мектебінің Е. Ложкин жетекшілік еткен хоры болды. Бағдарламада басқа да жас музыканттар, славян байқауының лауреаттары өнер көрсетті. Сонымен бірге мерекелік залда жас суретшілердің ең таңдаулы жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. «Әдеби шығарма» номинациясында Риддер қаласының №5 орта мектебінің оқушысы Александра Мироненко үздік атанды. «Тарихи-әдеби очерк» номинациясы бойынша 1 орынды Зырян ауданының Октябрь орта мектебінен келген Татьяна Сименюк иеленді. Ал ең үздік тарихи рефератты Самар орта мектебінің оқушысы Настя Грунина жазған. Музыканттар арасында Глубокое ауданының БММ келген Елизавета Базильбаева үздік атанды. «Сурет» номинациясы бойынша кішкентайлар тобынан 1 орынды Шемонайха өнер мектебінен Полина Понкратова, ал үлкендер тобынан Бородулиха ауданының Коростелевский атындағы ОМ келген Полина Гроячева жеңіп алды. Марапаттау салтанаты әдеби-музыкалық композициямен өтті. Байқауға 140 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі
26 мамыр күні Өскемен қаласындағы Облыстық Достық үйінде Славян мәдениеті мен жазуы мерекесіне арналған мектеп оқушылары


