10-04-2018
2018 жылдың 10 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында "Смарт қалалар – Қазақстанның шынайылығы" тақырыбында Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындары ҚАЕУ және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері арасында дебат өткізілді.
"Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылған "Смарт қалалар – Қазақстанның шынайылығы" дебаты жастардың белсенді азаматтық айқындамасын қалыптастыру, студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, айтыс-таласта сөйлеу мәдениетін дамыту, дебат қозғалысының одан әрі қолдануын насихаттау мақсатында өтті.
Әділ қазылардың шешімі бойынша сайыс жеңімпаздары ҚАЕУ студенттері атанып барлық дебат қатысушары мақтау қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.