Ежелгі әдет-ғұрыптарды заманауи үрдістермен үйлестіру

14-11-2022

Ежелгі әдет-ғұрыптарды заманауи үрдістермен үйлестіру

Достық үйінің қабырғасында корейлердің Чусок ұлттық мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.  

Кәрістер – көне әдет-ғұрыпты заманауи үрдістермен ұштастыра білген, ұлттық тілін, көне мәдениетін ұлықтай білетін халық.  Бұған мысал ретінде Чусокті келтіруге болады, өйткені дәл осы мерекеде бүкіл отбасымен жиналып, салт-дәстүрлер жасалынып, дәстүрлі тағамдар әзірлеу, сондай-ақ зиратқа барып, қайтыс болған ата-бабаларды еске алу дәстүрі бар.

Чусок мерекесі егін жинаудың күзгі маусымымен - молшылық пен гүлдену маусымымен сәйкес келеді.  Мереке қарсаңында, әдетте, келесі жылы астық жиналуы үшін үйлердің бағаналары мен қабырғаларына дәнді дақылдар ілінеді.  Мерекеден кейін кәрістер бұл «әшекейлерді» алып тастамайды - бұл рухтарға сыйлық.  Мерекеде жан-жақтан келген ағайын-туыс бір дастарханға бас қосады.  Олар дәстүрлі ханбок киімдерін киіп, би билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды және ән айтады.

Мереке құрметіне ұйымдастырылған шара үш тілде: қазақ, корей және орыс тілдерінде өтті.  Достық үйі басшысының орынбасары – Юнусов Равиль Александровичтің құттықтау сөзі шараны ашты.  Одан кейін алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдарды тапсыру рәсімі өтті.  «Достық үйіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен «Шығыс Қазақстан облысы корейлер қауымдастығының» мүшелері – Ли Михаил Алексеевич пен Хан Галина Октябрьевна марапатталды.

Еске салайық, биылғы жыл Достық үйі үшін айтулы жыл.  Этномәдени бірлестіктер, соның ішінде Шығыс Қазақстан корейлері қауымдастығы 30 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерекенің концерттік бағдарламасы әртүрлі болды.  Түрлі этностардың әндері шырқалып, ұлттық билермен толықтырылды.  Корей халқының өмірінде халықтық мерекелер маңызды орын алады.

Қазақстандық кәрістер өздерін еңбекқор, адал және жанқияр халық ретінде көрсетті, еліміздің ең биік гүлденуіне қол жеткізу үшін тынымсыз еңбек етіп, дарындарын дамытуға дайын.