12-10-2024
«Беловодье» фестивалінің қатысушылары «Шығыс салбұрыны» бүркітшілер фестивалінде шығармашылық нөмірлерін көрсетті, бұл шара Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында өтті.
Бұл - қаршыға, бүркіт асыраушылардың жарысы, қазақ халқының мұрасын жаңғыртуға және ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
«Дүбірлі дода еліміздің тарихы мен мәдениетінің күшін көрсету үлкен мүмкіндігін сыйлайды», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Барлық қатысушылар шараның атмосферасынан және бағдарламасынан ерекше әсер алды.
«Керемет шара болды! Дәстүрлерімізді жаңа бағытта көре алдық! Маған бәрі ұнады. Осы ауқымды оқиғаның бір бөлшегі болғаныма өте қуаныштымын», - дейді қонақтардың бірі.