17-06-2021
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайту, мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау».
«Бұл кездесудің мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін кеңінен түсіндіру және басқа этностар өкілдері арасында мемлекеттік тілді дамытуға баса назар аудару болып табылады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілді», - деп атап өтті Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының басшысы Алмаз Нұрғалиев.
Кездесу барысында Шығыс Қазақстан авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік, ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық, мәдени жұмыстарға негізделген идеологиялық жұмыстар туралы іс жүзінде көрсетті.
«Пікірлестермен бірге бірқатар өзекті мәселелерді талқылағанымыз өте құнды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде мені мемлекеттік тілдің танымалдылығын арттыру және дамыту арқылы елдегі бірлік пен келісім мәселелері қатты қызықтырады», - деді «КӘАҚҚ» РО кеңесшісі және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вячеслав Дмитриевич Вавилин.
Салтанатты іс-шара барысында адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін КӘАҚҚ РОШ және Генералдар Кеңесі атынан және жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға, сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік шеңберінде қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан үздік қызметкерлер марапатталды.
Іс-шара «Атамекен» патриоттық әнін орындаумен және естелік суретке түсумен аяқталды.