20-08-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Атап өтейік, акция демеушісі ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Бейсеканова Мария Баймухановна.
Кездесуге Өскемен қаласының көпбалалы отбасылары, сондай-ақ Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Модератор болып ШҚО ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Жұлдыз Сейітқұмарқызы Ақтанжанова сөз сөйлеп, балаларды келе жатқан оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, балаларға сәттілік пен шабыт тіледі.
Әр отбасына кеңсе керек-жарақтары, рюкзактар және оқушыларға арналған мектеп формасы берілді. Балалар үлкен қуанышқа бөленіп, осындай қамқорлық үшін алғыстарын білдірді. Акция соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.