Еске алу кездесуі өткізілді

21-06-2022

Еске алу кездесуі өткізілді

 Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Владимир Павлович Паладиевті еске алуға арналған шығармашылық кездесу өтті.

Кездесу қонақтары Қазақстандағы тұңғыш Достық үйінің 30 жылдығына арналған Достық үйінің достары, әріптестері және шақырылған қонақтары болды.

Өнерпаздардың өнерлері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, еске алу кешінің шымылдығын ашты. Сондай-ақ экрандарда Паладиевтер отбасының фотомұрағатынан бейнефильмдер мен бейне слайдтар көрсетілді.

«Осындай шаралар көп болсын. Маған қатты ұнады және берілген атмосфераны сезіне алдым. Ұйымдастырушыларға рахмет!» деп шара қонағы өз ойымен бөлісті Еске алу кездесуі өткізілді.

Біздің сүйікті Владимир Палыч өмірі мен қызметін туған жері Шығыс Қазақстанға арнады. Сол күні ол туралы көп айтылды, жырланды, есте қалды.