ШҚО ҚХА XXX сессиясы өткізілді

04-06-2024

ШҚО ҚХА XXX сессиясы өткізілді

Өскемен қаласында, сол жағалау кешенінің орталық киіз үйінде ШҚО ҚХА XXX сессиясының отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімі - Көшербаев Ермек Беделбайұлы, ҚХА мүшелері, ҚХА қоғамдық институттары, өңірдің Достық үйлерінің белсенділері, этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс басталар алдында ШҚО ҚХА Достық үйінің этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдарының өкілдері өңір басшысының салтанатты кездесуін ұйымдастырды. Содан кейін ШҚО әкімі сессияның ашылуын жүзеге асырды, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов құттықтау сөз сөйледі.

«Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз», «Бірлік әралуандықта», «Біз Қазақстанның біртұтас халқымыз» қағидаттары Қазақстанның да, Қазақстан халқы Ассамблеясының да өзгермейтін іргелі құндылықтары болып қала береді», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі. 

Сессияның күн тәртібіне 2 негізгі блок кірді: Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру және зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберуге қатысқан еріктілерді, меценаттарды құрметтеу.
 
Осыдан кейін ҚХА қоғамдық институттарының мүшелері, өңірдегі ҮЕҰ өкілдері және басқа да қатысушылар өз қызметі туралы айтып, өзекті мәселелерді шешу бойынша идеялар ұсынды және бірқатар маңызды тақырыптарды ашты.

Бірінші болып ШҚО ҚХА Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының басшысы Эльдар Толеубекұлы Толеубеков сөз сөйлеп, Достық үйі жалпыұлттық интеграцияның сұранысқа ие алаңы және Ассамблеяның ауқымды бастамаларын іске асыру үшін сенімді база болып табылатынын айтты. - ШҚО Достық үйі мен ҚХА Мемлекет басшысының саясатын толығымен қолдайды, - деп атап өтті ол.

«Тринта» қоғамдық қорының директоры - Натарова Юлия Николаевна «ҮЕҰ мен Ассамблея: толеранттылықты қалыптастыру және әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жөніндегі практикалық қызмет» тақырыбына назар аударды. - Толерантты ортаны қалыптастыру - прогрессивті қоғамның негізі, - деп түйіндеді ол.

Еріктілер фронт-офисінің басшысы - Әділбеков Айдос «Таза Қазақстан» жобаларын іске асыру арқылы этносаралық коммуникациялар алаңдарын құру мүмкіндігі туралы айтып берді. Бұдан басқа, «Қазақстан халқының мектептегі кіші Ассамблеясын дамыту», «этноәлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын алу жөніндегі Ассамблеяның қызметі» және «этносаралық қатынастар мен ұлттық сананы нығайту мәселелерін жария етудегі БАҚ-тың рөлі» аспектілері егжей-тегжейлі ашылды.

Пленарлық бөлім аяқталғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, ҚХА хатшылығының меңгерушісі - Әзілханов Марат Алмасұлы ҚХА мүшелеріне «АЛҒЫС» медалін табыс етті, ал облыс әкімі - Көшербаев Ермек Беделбайұлы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен меценаттар мен еріктілерді алғыс хаттармен марапаттады.