03-05-2019
Ағымдағы жылдың 02- мамыры күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында 29 сәуір күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті , Елбасы, Қазақстан халық Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халық Ассамблеясының XXVII – сессиясында берілген тапсырмалар мен қабылданған үндеулерді талқылауға арналған отырыс өтті.
Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ғылыми – сараптамалық тобының, Журналитер клубының, «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің жетекшілер мен жастары қатысады.
- Жақында өткен Қазақстан халық Ассамблеясының XXVII –сессиясында Елбасы- Н.Назарбаев Қазақстан халық Ассамблеясының өткен жылда атқарған жұмыстарына қорытынды жасай отырып, бір қатар тапсырмалар жүктеді. Біз Ассамблея мүшелері сол берілген тапсырмаларды уақытылы орындап еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті одан әрі жетілдіре түсуіміз қажет. Бұл біздің ең басты міндетіміз.
Сонымен қатар алда болатын Президент сайлауына да бір кісідей қатысып, қолдау танытуымыз керек –деді ШҚО Қазақстан халық Ассамблясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы
Өз кезегінде сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының төрағасы Яковлев Александр Андреевич шараның маңыздылығына тоқталды. Отырыс барысында талқыланатын барлық сұрақтар алдағы уақытта бірігіп атқаратын жұмыстарға, жалпы өңірдегі этносаралық бірлікті сақтауға және дамытуға бағытталатынын атап өтті.
«Қазіргі таңда облысымыздағы барлық этномәдени бірлестіктер өңірдегі өз ара келісімді дамыту және жетілдіру мақсатында жұмыс атқаруда. Бір шаңырақ астына жиналған бұл ұйымдардың алға қойған мақсат мүдделері біреу ғана, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Елбасы – Н.Назарбаевтың нұсқаған жолымен жүру – деді Александр Андреевич.