23-01-2019
23 қаңтарда Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, ШҚО ҚХА жастар лигасы, «Бірлік» жастар клубының өкілдері және өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері Жастар жылының ашылуын тамашалады.
2019 жылы жастарға, мыңдаған жас мамандарға, университеттер мен колледж бітірушілеріне арналған көптеген бағдарламалар және жаңа мүмкіндіктер жоспарлануда.
- Президенттің бастамалары нақты уақыт талаптарына сәйкес келетініне сенімдімін. Біздің еліміздің жас ұрпағы үшін білім беру, еңбек нарығы, даму және ақпараттық технологиялар мәселелері ерекше маңызға ие. Мен еліміздің патриоты ретінде Президенттің жастармен кездесуі кезінде айтылған бастамаларына қолдау білдіремін, - деді ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасының орынбасары Асан Рахметолла.