Екі елдің жастары екі жақты ынтымақтастық келісімге қол қойды

04-04-2019

Екі елдің жастары екі жақты ынтымақтастық келісімге қол қойды

30 наурызда Ресей Федерациясының Омбы қаласында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" өңірлік жастар штабы мен "Ресей халықтарының Жастар Ассамблеясы "Біз ресейлікпіз" жалпы ресейлік қозғалысының Омбы өңірлік бөлімшесі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" жастар штабы оның төрағасы Юнусов Равил іс-сапармен "Ресей халықтарының Жастар Ассамблеясы "біз ресейлікпіз" жалпы ресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы аймақтық бөлімшесінің штабына барды. Іс-сапар барысындап халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында екі жақты қызыметтік келісім жасасты.

Көп ұлтты халықтардың өзара тиімді гуманитарлық байланыстар арқылы жүзеге асыруға болатын прогреске деген ұмтылысын ұғына отырып және олардың қажеттілігін мойындай келе, екі жақты қызметтік келісім жасалып отыр, алдағы уақытта Қазақстан мен Ресей халықтарының достығын нығайтуға және ең бастысы – жастар ұйымдарының әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Енді, Шығыс Қазақстан мен РФ Омбы облысының жастары мәдениет, ғылым, халық шығармашылығы мен өнері саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық, өңіраралық, қалалық және жоғары оқу орындары арасындағы конференцияларды, көрмелерді, симпозиумдар мен дөңгелек үстел басындағы отырыстарды өткізудің жобалары мен бағдарламаларының тұжырымдамасын бірлесіп әзірлеуге, өнер, ғылым және мәдениет саласындағы тікелей серіктестік байланыстарды дамытуға жан-жақты жәрдемдесуге, мәдени ақпарат алмасуға және тағы басқа көптеген мәселелерді шешуге ниетті.