12-06-2018
Аналар кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Аналар кеңесі негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі.
2018 жылдың 12 маусым күні Достық үйінде Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңестің мүшелері ұмыт қалған салт-дәстүрлерді қайтадан жаңғырту, көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек балалы аналар, кейуаналарды анықтау бойынша мәселелер қаралды.
Отырыстың соңында Аналар кеңесінің мүшелері ұмыт қалған салт-дәстүрлерді жаңғырту бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.