ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлескен отырыс

23-04-2019

ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлескен отырыс

Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарына үндеуін талқылау бойынша ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлескен отырыс өтті. ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ардақ Мақұлбеков құттықтау сөз сөйледі.
Одан кейін ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жұмысы туралы ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аналитикалық жұмыс және бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы және полиция подполковнигі Людмила Смағұлова айтып өтті. Этномәдени бірлестіктердің қызметі мен ерекшеліктері туралы, этносаралық келісім жөнінде ШҚО кәрістері қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Кунст Юлия Вячеславовна және Орыс этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Правдина Вера Николаевна кең көлемде тоқталды. Отырыс соңында Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Юнусов Равиль Александрович Достық үйінің қызметі туралы толықтай тоқталып, ерекше атап өтті.