29-09-2022
Ұлан ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Қоғамдық келісім орталығы» Достық үйлерінің қоғамдық институттарымен «Ұрпақтар сабақтастығы және тұрақтылық» атты көшпелі аймақтық семинарын өткізді.
Семинар Ұлан ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңешісі Мусин Думанай Маратовичтің кіріспе сөзімен басталды.
Шара барысында жиналған қатысушылар сөз сөйлеп, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ой қозғады.
Шара соңынан қатысушыларға сертификаттар табысталынып, Таврия орта мектебінің мұражайына арналған экскурсиямен аяқталды.
«Семинар өзінің тақырыптарымен және сауалдарымен қызықты өтті. Ұйымдастырушыларға және «Дотық үйі – қоғамдық келісім орталығына» айтар алғысым шексіз», - деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.