16-03-2018
Ағымдағы жылдың 14-15 наурызында Астана қаласында «Көшбасшы бол» атты республикалық жастар конференциясы өтті. Делегаттардың құрамына ШҚО Бесқарағай ауданынан «Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ-нің әдіскері, «ДосStar» жастар клубының мүшесі Калтаева И.С және «Башкуль» татар мәдени орталығының мүшесі Хамитов Д.Р кірді.
Әр қалалармен облыстардан келгендер қатысушылар форумда белсене атсалысты, форум екі кезеңнен тұрады: семинар- тренингтер топтастырулармен таныстыру, өңірлік қатысушыларымен таныстыру, бейресми көшбасшы командаларын құру, болашақты жобалау, өңірлік қатысушылардың жобалық презентациясы.
Жұмыс барысында конференцияға 2018-2020 жылдарға ҚХА жастар қозғалысының Стратегиясын бекіту, жастар қозғалысының Ережесін және құрылымын, 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын келісу жүргізілді.
Форум Назарбаев Университетінде, «Жаңғыру жолы» бағдарламасының жаһандық даму мәселелері талқыланды, Қазақстан халқы Ассамблеясымен Назарбаев Университетінің арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Конференция соңында барлық қатысушыларға аталмыш жобаға нәтижелі және қызықты жұмыс жүргізуде сәттілік тілеп, өз ризашылықтарын білдірді.
«Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ-нің директоры М.Абылгазинова