Қазақстан Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновқа 100 жыл

23-04-2018

Қазақстан Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновқа 100 жыл

2018 жылдың 23 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсеновты еске алу кеші өтті.

Отырыс барысында ШҚО Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың өмір баянына тоқталды.

Көзі тірісінде аңызға айналған тұлғалардың бірі - ержүрек батыр Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген.

Қазақтың біртуар азаматы 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүрген кезінде әскер қатарына алынып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехославакия, Румыния, жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысқан.