29-01-2019
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті, онда Елбасы Н.Назарбаев елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен іске асыруға бағытталған ауқымды жоспарын жүзеге асыруға тапсырды.
Осыған байланысты, 2019 жылдың 29 қаңтарында Жекпе-жек сарайында Жастар жылының салтанаты ашылуы өтті. Оған жастар ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалдарының жетекшілері, «Жасыл ел» ЖЕЖ өкілдері, ЖРО директорлары, жоғары оқу орындары мен КББМ студенттері, мемлекеттік қызметкерлер және ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабының өкілдері қатысты.
Жастар акциясында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омар құттықтау сөз сөйледі.
-Жастар қоғамның қозғаушы күші. Атқарушы билік пен біздің жастар, қоғам өкілдері бірге жұмыла жұмыс істесе әрқашан оның жоғары нәтижесі болады, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Іс-шараға Қазақстанның танымал тұлғалары - Ольга Рыпакова, Қанат Ислам, Кристина Аникинова және Қалқаман Сарин шақырылды.
Көрермендер алдында «X Factor» телевизиялық жобасының жеңімпазы Евгений Выблов, «Ты супер» тележобасының финалисті Владислав Лоскутов, «Инкорро» вокалдық тобы және Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының «Made in KZ» атты кавер тобы өнер көрсетті.
Жастар барлық уақыт пен халықтар тарихында үнемі басты рөлді ойнады. Бұл кездейсоқ емес, себебі жастардың белсенді қасиеттері бар - әділдік, батылдық және абырой. Біздің жастарымыз таланттардың, дағдылар мен қабілеттердің қайнар көзі болып табылады, жас ұрпаққа берілетін әлеуетті жоғалтпау керек және барлық қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, Қазақстанды тиісті деңгейге көтере үшін оны дұрыс бағыттай алуымыз қажет!