Студенттер Достық үйінде

30-03-2018

Студенттер Достық үйінде

    Қаламыздағы айтулы жоғарғы оқу орындардың бірі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне көршілес Монғолия және Қытай мемлекеттерінен келіп университетің дайындық курсында білім алып жүрген студент жастар Достық үйі- қоғамдық келісім орталығынна экскурсия жасады.

   Экскурсия барысында студенттер  тұңғыш Қазақстан халық Ассамблеясының мұражайындағы  өткен уақыттардан сыр шертетін  құнды жәдігерлермен танысып, қоғамдағы татулықпен бірліктің дамуына өз үлестерін қосып жүрген әрбір этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін жеке жеке аралап,  ондағы қайталанбас әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлерімен танысты.