02-06-2022
Жақын арада еліміздің тағдырында, сәйкесінше әрбір қазақстандықтың өмірінде өзгерістер болады. Алдағы республикалық референдум, басты заң - Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы - бұл Қазақстанды және оның саяси құрылымын жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Сондықтан шешімді азаматтар қабылдайды, өйткені кез-келген мемлекеттің басты «қозғаушы күші» - бұл халық.
Референдум қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Саиров Ерлан Бияхметұлы ҚР Президентінің конституциялық реформасын түсіндіруге арналған Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
«Диалог алаңында» жиналғандар алдағы оқиғаға қатысты пікір алмасты, жағымды перспективалар туралы айтып, оларды қызықтырған сұрақтар қойды. Депутат әр сұраққа толық жауап берді. Сонымен қатар, пайдалы ұсыныстар шығарылды. Билік өкілі референдумға белсенді қатысу азаматтық ұстанымның ең жоғары деңгейі екенін атап өтті.
Мұнымен Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы келісті. «Мемлекет тағдыры халықтың қолында, солай болды, әрқашан да болады, сондықтан да біздің қасиетті парызымыз - Қазақстан тек өзінің күшін нығайту үшін барлығын жасау. Мен құрметті Президентіміздің дана шешімін толық қолдаймын және әріптестерімді қолдауға шақырамын», - деп өз ойын білдірді.