«Свята дажынак» 2018

15-09-2018

«Свята дажынак» 2018

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі күні Достық үйі қоғамдық келісім орталығының қатысуымен Шемонайха ауданында славян халқының «Дажинки» дәстүрлі мерекесі өткізілді. Ауылдық жерлерде егіннің соңғы күнін тойлау мейрамы болып саналады. «Рухани жаңғыру» бағдарласы аясында Шемонайха ауданының қонақтары мен аудан тұрғындарының қатысуымен Белорус халқының «Cвята дажынак» күзгі рәсімі таныстырылды. Аталмыш мереке Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының белорус этномәдени бірлестігінің «Крыничка» ансамблі өнер көрсетуімен басталып, орыс этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен хор айтылып, кейін украин этномәдени бірлестігінің «Чаровницы» ансамблінің ән – биіне жалғанды.