29-07-2022
28 шілде күні Достық үйінің 30 жылдығына орай ШҚО ҚХА "«Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері және Достық үйінің еріктілерімен бірлесе отырып, «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық акциясын өткізу бағдарламасы бойынша «Ақбауыр»тарихи-археологиялық кешенінде экскурсия өтті.
Экскурсияны өткізген Галина Геннадьевна «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешені аумағындағы археологиялық ескерткішке әр түрлі дәуірлердің петроглифтері, қола дәуір қорымдары, сирек археологиялық кешендер - «мұртты» қорғандар енетін, ерте темір ғасыр қорғандары, ерте орта ғасырлар дәуірімен мерзімделген жерлеулер шоғырланғаны жайында айтты.
Ақ бауырдың қолданылуы бойынша бірнеше пайымдаулар бар: Батысқа қаратылған, ашық аспан астындағы ғибадатхана; Ежелгі адамдар аспан денелеріне жүйелік бақылаулар жүргізген ежелгі обсерватория; Адамзаттың құтқарылу картасы; Тауға табыну ежелгі мәдениеттерде таралған, себебі таулар жергілікті құдайлардың орын деп саналған.
Ақбауыр туралы көп айтылды, көрсетілді, жазылды. Бірақ қазба жыл сайын - ғасырлар тарихына тереңірек үңілуге мүмкіндік беретін, бұл жаңа деректер. Сондықтан мұнда алғаш рет келгендер үшін де, тарихи кешенге бірнеше рет барғандар үшін де мұнда саяхат әр қашан қызықты жаңалыққа айналады.
«Қола дәуірінен қазіргі этнографиялық уақытқа дейінгі ескерткіштер, Ақбауырды әр дәуірдің жүрегіне айналдырады» - деп, бөлісті Галина Геннадьевна.