Тұғырлы – Тәуелсіздік

15-12-2017

Тұғырлы – Тәуелсіздік

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсаны күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік концертке Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік концертке қатысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімі   Д.К Ахметов  шығыс қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Жалпы шара мақсаты 26 жыл ішінде әлем таныған қуатты мемлекетке айналудағы Елбасы Н.Ә Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі екендігін көрсете отырып, сан ғасырлар бойы бабаларымыз арман еткен егемендіктің қадірін жасұрпаққа насихаттау. Мерекелік концертке арнайы келген Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Майра Мухамедқызы өзінің отанға деген сүйіспеншілігінен туған жалынды әндерімен көрермен қауымды тәнті етті.  Сонымен қатар салтанатты шара барысында өзгеде өнер майталмандары өнер көрсетті.