21-12-2017
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі аумақтық оңалту орталығының балалармен "Тәуелсіздік - ел тілегі" атты іс-шара өтті. Қазақстан туралы көрсетілген бейнефильм, балаларға туған елге саяхат жасауға, Астана қаласының көркем жерлері қызықтауға мүмкіндік берді. Балалар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Қатысушылар бейне сұрақ-жауап "Астана - менің бас қалам" сайысында сұрақтарға ынтамен жауап берді. Балалардың осы шараға қатысуы өте әсерлі болды, себебі оның мазмұны алуан сипаттағы танымдылықта және көңілді көтеруде. Іс-шараның соңы Достық үйін саяхаттаумен аяқталды.