«Тәуелсіздік – ел тұғыры»

15-03-2024

«Тәуелсіздік – ел тұғыры»

Аубакиров Алдияр Ақылбекұлы, Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары

Биылғы құрылтайдың сипаты – өзгеше, мазмұны да – ауқымды. Ел бірлігі мен тәуелсіздігін нығайтатын, Ұлттық құрылтай мемлекет тарихында қайта жаңғырып келеді. Менің пікірім, құрылтайда басты тақырыптарды негізге алып, кеңінен талқылаған. Осы орайда, еліміздің негізгі келбетін айқындайтын құндылық – ол біздің баға жетпес Тәуелсіздігіміз деп білемін. Әрбір азамат еліне жеріне деген сүйіспеншілігін тек сөзбен емес, адал қызмет ету арқылы дәлелдеу қажет.

Тәуелсіздік бұл ата-бабаларымыздың аңсар арманы болған, даналарымыздың үзілмес үміті болған, Алаш ардақтыларының осы жолда жаны пида болған қастерлі де қасиетті ұғым! Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен жауапкершілік.

Бүгінде өз шекарамыз айқын, дініміз бен тіліміз, мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз бар егеменді, зайырлы елге айналдық. Ұлтымызға тән қайтпас қайсар мінезі мен болашаққа деген сенімі бізді осы күнге жеткізді. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болу ол отаншыл, әділетті жастардың қолында.