27-05-2018
2018 жылдың 27 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Непоседы» балалар мен жасөспірімдер ансамбілінің есеп беру концерті өтті. Шара басында пері бейнесіндегі жүргізуші концерттің негізгі бағыттары жайлы айтып өтті.
Концет барысында көрермендерге белорус халық билері, қазақ халық биі «Ақ көгершін» сонымен қатар ансамбіл кіші тобының орындауында «Вечный двигатель» және «Дракоша» билері ұсынылды.
Екатерина Шишкина концерт қонақтарына арнап «Анастасия» мультфильмының өлеңін таза ағылшын тілінде орындап берді. Сондай-ақ соң «Гүлдер» және «Солтүстік бұғысы» атты билер орындалды.
Шара саоңында пері бейнесіндегі жүргізуші «Маленькая страна» атты өлең орындады.