Ағымдағы жылдың 14 маусымы күні Облыстық Достық үйінің шағармашылық ұжымдары Тарбағатай ауданының Ақжар аулына шығармашылық сапармен барып қайтты. Сапардың мақсаты, Қазақстан Тәуелсіздігінің негізін құрайтын халық бірлігі мен достығын нығайту, жас ұрпаққа патриоттық тәлім-тәрбие беру болып табылатын Облыстық Достық үйінің санқырлы жұмысын көрсету.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Тарбағатай халқы Облыстық Достық үйінен келген делегацияны, қазақтың дәстүрімен шашу шашып, ақыны арнау айтып, құшақ жая, жылы қарсы алды. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары аудан жұртшылығына, мәдениет үйінің әдемі безендірілген сахнасында өз өнерлерін көрсетті. Концерт «Атамұра» ансамблінің орындауындағы «Тарбағатай таулары» әнімен ашылды. Көрермен қауым орыс, татар, кәріс халықтарының әндерін тыңдап, неміс, шешен, украин, белорус, татар халқының билерін ерекше көңіл қойып тамашалады. Өнердің құдреті сол – халықтарды бір-бірімен табыстырады. Тарбағатай халқы шығармашылық ұжымдардың өнеріне көңілдері толып, ерекше қошамет көрсетті. Концерт соңында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Мұратқазыұлы Мауадинов аудан жұртышылығына көрсеткен өресі биік өнерілері үшін Облыстық Достық үйінің ұжымна алғыс бірдіріп, ақжарма тілегін айтып, алғыс хатпен марапаттап, әдемі картинаны сыйға тартты. Облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубекұлы Төлеубековте өз кезегінде аудан тұрғындарына, бірлікті ту етіп, халықтар достығын бағыт еткен Облыстық Достық үйінің атқарып жатқан жұмысы жайлы айтып өтіп, аудан әкімінің орынбасарына Достық үйінің 20-жылдығына арнап шығарған кітапты, естелік сыйды сыйға тартып, ауыл жұртшылығына жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді.
Облыстық Достық үйі
