2015 жылдың жексенбісі, 31 мамыр күні Өскеменде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар кешені өтті.
Олардың қатарына: көркем және деректі фильмдер көру, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы куәгерлер мен құрбандарының ұрпақтарымен кездесулер, қала мұражайлары мен кітапханаларының тақырыптық көрмелері, дөңгелек үстел отырыстары мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында гүл шоқтарын қою шаралары кірді.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар өскелең ұрпаққа -отандастарымыздың басынан өткен осы бір қайғылы оқиғаны, өткеннің ащы беттеріне қалдырып, қайталанбасын түсіндірді.
Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы «Алтын аркау» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» - атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шара бір минут үнсіз құрбандарды еске алудан басталды. Дөгелек үстелде ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ШҚО КХА жастар қоғамымен этномәдени бірлестік белсенділері сөз сөйледі. Семинар барысындағы баяндамаларда, осы жылдары сотталған және құрбан болған шығысқазақстандықтар саны туралы тарихи анықтамалар аталып өтті.
Бағдарлама - фотосуреттер, мақалалар және ақпараттар ұсынылған, жаңадан іргесі тасы қаланған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайында жалғасын тапты.






