«Татар әуені»

02-12-2015

«Татар әуені»

 29 қараша күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Татар әуені» деп аталатын татар халқының әсем әндері шырқалып, бишілері мың бұралған биімен келген концерттік кеші өтті. Бұл кешке аталған этномәдени бірлестік өкілдерінің де белсенділері қатысты. Шараның басты мақсаты татар халқы мәдениетінің ерекшелігін насихаттау. -Бүгінгі мерекенің маңызы өте зор. Біз көпұлтты мемлекет ретінде барлық халықтың дәстүрі мен салтын білуіміз керек. Сіздерді алдағы Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын, - деді шара барысында сөз алған татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Сергей Фаизов. Мерекенің жұлдызы «Сарман» және «Яшлик» ансамбльдерінің орындауындағы дәстүрлі татар халқының «Сау булыгыз» әнімен аяқталды.