15-04-2019
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 14 сәуірде Достық үйінде татар халқының "Қарға боткасы"мерекесі атап өтті. Мақсаты татар халық дәстүрлеріне құрмет көрсету. Ең алдымен, мәдени мұра дәстүрді жүзеге асырудан басталады. Фольклор, халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Бір қарағанда, дәстүрдің рөлі адамзат дамуының өте маңызды бөлігі. Тарихи аспектіде дәстүр өзінің бірлігін, реттілігі мен тұрақтылығын сақтауға ұмтылатын қоғамның құндылықтарына басымдық береді. "Қарга боткасы" көктемді қарсы алуға арналған дәстүрлі татар мерекесі болып табылады, көктемнің алғашқы кезеңде өткізіледі және көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына орайластырылған. Мерекеде жарыстар ұйымдастырылады. Әйелдер мен жастар өз шеберліктерін, талантын, ептілігі мен күшін көрсетеді. Би, ән, такмак орындайды. Көңілді татар халық аспаптарында ойнайды. Шара барысында көрермен назарына көрме ұсынылып, татар халқының халық әндерімен билері орындалды.