Экспедиция

10-08-2018

Экспедиция

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - жобасы аясында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен татар этномәдени бірлестігінің өкілдері Қатонқарағай ауданына татар халқының фольклорын зерттеу мақсатында арнайы экспедиция ұйымдастырды.

Экспедиция барысында олар аймақтағы әріптестерінің жұмысымен танысып, Қатонқарағай ауданына татарлардың қоныстану тарих мен қатар, тілін, мәдениетін және татар халқының фольклорын зертеу және жинақтау мақсатында  жергілікті татар диаспорасының өкілдерімен кездесті.

         Татар этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Роза Цис және Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығындағы ШҚО ҚХА қоғамдық институттармен және аудандық Достық үйлерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы  Равиль Юнусов аудандық Достық үйінің және ондағы этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп,  татар этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Катонқарағай аудандық Достық үйінің директоры Наталья Гостеева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

         Көктерек ауылының  тұрғыны Дәулетш Шарипов, 1950-ші жылдардың соңында Бұқтырма су қоймасына су толтырған кезде Нугмановтан шыққан татарлардың көпшілігі Көктерекке көшіп келгендігін және күні бүгінге дейін татарлар мен қазақтардың бір нанды бөліп жеп, бірге жұмыс істеп, халықтық мерекелерді бөлмей бірге тойлататындықтарын айтады.  «Каз омэсе» татар халқының көнеден келе жатқан мерекесі екендігін, оны бүгінде жалпы халық болып тойлайтындықтарын жеткізді. Бұл татар халқының ұлттық дәстүрлерін Көктерек ауылының тұрғындары жақсы біледі- дейді Дәулетш Зарипович.  

          Күләш Мусина аудан орталығының 98-жастағы тұрғыны арнайы жұмыс тобының өкілдерін жылы қарысы алып, ата-аналары туралы, Поволжья мен Семейдің татарларының қоныстануы туралы әңгімелеп, бүгінде тарихи жәдігерге айналғын отбасылық альбомындағы әр кезеңде түсірілген суреттермен таныстырды. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен татар этномәдени бірлестігінің өкілдері катонқарағай ауданынан рухани мол ақпарат алып қайтты.