26-11-2018
Ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Қазақстанның шығысында татарлар» атты концерт өтті.
Концертте «Сарман», «Күбәләк», «Арабеск», «Яшьлек», ансамблдері, жеке орындаушылар - Нелли Фаизова, Габдулхак Ситдиков, Фаиль Сайфутдинов, Фаизова Рабига, Альфиза Ешмуратова және тағы басқалар өнер көрсетті.
Атап өтсек, жыл сайын облыстық татар мәдениет орталығы татар халқының көрнекті өкілдері туралы әңгімелеп, татар халқының тарихы мен мәдени дәстүрлеріне арналған түрлі шаралар өткізеді.
- Бүгін Өскемен қаласының татар мәдениет орталығы, Достық үйінің осы қонақжай кіші залында тағы да кездесті. Татар этносының өкілдері өздерінің ана тілін сақтап қалуға, халықтың мәдени дәстүрлері туралы көбірек білуге тырысуы - біздің этномәдени бірлестігіміздің басты міндеті, - деді ШҚО татар этномәдени бірлестігінің өкілі Цис Роза Аллитновна.