«Татуласу: сотқа дейін, сотта»

17-10-2018

«Татуласу: сотқа дейін, сотта»

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысындағы зиялы қауымы өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қоры» қоғамдық қорының Президенті Нұргүл Ерболатқызы Қарағойшина, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Төрағасының кеңесшісі Сағатбек Болатбекұлы Сүлеймен, Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Мұратұлы Чақпантаев, облыс судьялары, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері, зиялы қауыммүшелері, ақын-жазушылар жәнеБАҚөкілдері қатысты.

Аталған іс-шарада «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қоры» қоғамдық қорының Президенті Нұргүл Ерболатқызы Қарағойшина сөз сөйледі.  Кездесуде Жоғарғы Соттың «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының атқарылған мақсаттары мен міндеттері талқыланды. «Соттарда татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын енгізу және іске асыру, оны түсіндіру мен қолдануды насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, облыс орталығы мен аудандарда ашылған Татуластыру орталықтарының қызметі, Сот медиациясы порталының құрылуы, тұрғындар арасында билер институтының насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстардың барысы туралы айтылды.