«Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі»

25-04-2024

«Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі»

Анжелика Шабданбекова, Достық үйі қоғамдық келісім орталығының белсендісі, қазақ тілі курсының оқытушысы

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясына негізделіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясынан бері елімізде түбегейлі өзгерістер болғанын атап өтті. Басқосу барысында Ассамблеяға баса мән берілді. Президент Ассамблеяның елімізді саяси тұрғыда жаңғыртып, жалпыұлттық тұтастықты нығайту ісінде маңызды рөл атқарғанына назар аударды. ҚХА барлық этносты мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу ісіне жұмылдыруға ықпал етеді.

Сессияда көптеген мәселелер талқыланды. Ел бірлігін нығайтуды көздейтін сан қырлы шаруаны қорытындылап, жаңа міндеттерді айқындалды. Қатысушылар тарапынан өзекті бастамалар көтеріп, тың идеялар айтылды. Сессияға сеніміміз мол!