«Тайқазан 30 игі іс» тағы да толықты!

10-03-2021

«Тайқазан 30 игі іс» тағы да толықты!

Осы орайда Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды ұйғарды. Бұл жолғы келелі акцияны қолға алған шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасы Кагерманова Татьяна Абдулловна мен армян этномәдени бірлестігі төрағасы - Степанян Анушаван Араевич болды.

Бұл акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне өтіп, біздің «30 игі істің тайқазанына» кірді.

Кенедей жабысқан карантиннің кесірінен жәнеде ауа райы салдарынан да қаншама отбасы жумыс көзінен айырылғаны баршаға мәлім. Оған қоса отбасыңда науқас жанның болғаны қиындықты еселей түсетіні хақ.
Алайда жетімін жебеп, жесірін жылатпаған кемел халықтың ұрпағы көмекке қашанда даяр екенін тағы бір парасын көрсетті.

Акция ұйымдастырушылары мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған екі көпбалалы отбасын таңдап, қаражат қоры жеткенше азық-түлік пен жуынуға қажетті заттармен және тағы басқа заттармен қол үшын созды.

«Бізге келіп қол ұштарыңызды бергендеріңізге алғыс айтамыз. Жұбайым пандемия кесірінен қазргы күнде жұмыссыз, қолдағы бар ақшамыз науқас баламыздың дәрі-дәрмегәне кетіп жатыр. Осындай сәтте бей-жәй қалдырмай көмек бергендеріңізге мың алғыс»,- дейді отбасының анасы.

Қазақстан-біртұтас халық, мұнда әркім мүмкіндігіне ие бола отырып, жақынына көмек қолын созады. Бұл біздің 30 жыл бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқанымызды дәлелдейді!