15-10-2020
Басқа халықтың мәдениеті қалай танылады? Ежелгі аңыздар, дәстүрлер, ертегілер және лирикалық әндер мен билер арқылы.
Достық үйі- қоғамдық келісім орталығында- шешендер мен ингуштардың көп қырлы мәдениетінің ерекшеліктерін ашатын шара өтті.
Іс-шара онлайн-форматта өткізілді және бұл көрермендерге облыстық Достық үйінің белсенділері туралы ғана емес, сонымен қатар біздің облыстың әр жерінен келген әріптестерінің таланттарын бағалауға мүмкіндік берді.
Іс-шара «Вайнах» шешен-ингуш ансамблінің жетекшісі - Равиль Юнусовтың құттықтау сөзімен басталды, ол біздің мемлекетіміздегі этностардың әр алуандығы барлығының өз саласында өсуге және дамуға, бизнесте жетістікке жетуге, сонымен бірге жоғары мәдениетті және рухани бай адам болуға мүмкіндік беретіндігін баса айтты.
Содан кейін жүргізушілер мерекеге орай би өнерінің қыр-сыры туралы айтты. Мысалы, жастар үйленбей тұрып, ақсақалдар мен құрметті адамдардың алдында дәстүрлі биді мінсіз билеуге тиіс болды. Бұл бидің ерекшелігі- би орындаушылардың арнайы шеңбер ішінде билеу қажеттігі. Билеу барысында, аз кемшіліктер болған жағдайда би қимылдары мінсіз жетілдірілгенге дейін қайталанады.
Концерттік бағдарлама өзінің әр алуандылығымен ерекшеленді: «Вайнах» хореографиялық ансамблінің лезгинкасы, Владислав Киреевтің шашкамен ойнауы және ансамбльдің қыздар құрамынан «Көктем» атты нәзік биі. Бұның бәрі бір-бірімен үйлесімді түрде ұштасты.
Іс-шара соңында жүргізушілер желі қолданушыларына жылы лебіздерін жолдап, оларды мүмкіндігінше осындай іс-шаралармен қуантуға уәде берді!