Театр актері Құбаш Дос Айжарықұлы

22-08-2022

Театр актері Құбаш Дос Айжарықұлы

Бүгін біз талантты театр актері Құбаш Дос Айжарықұлы жайында сөз қозғайтын боламыз.

Дос Айжарықұлы Т.Жургенов атындағы өнер академиясының түлегі. «Ұлттық ұлан үздігі» төс белгісі, "Темірқазық" 2021 сынды сыйлықтардың иегері. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан Облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарады. Облыс әкімінің, мәдениет басқармасының алғыс хаттармен марапатталған.

Дос Айжарықұлының режиссура саласында жүргеніне он жылға жуық уақыт болған екен. Актер ретіндегі негізгі бағыттары психологиялық драма және эксперимент.

Жақында «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» ашылатын театр үйірмесінде балалар осы айтылған салалар бойынша жан-жақты сабақ алатын болады. Атап айтқанда сахна тілі, сахна қозғалысы және актерлік шеберлікті шыңдаумен айналысады. 10 жылға жуық тәжірибесі бар маман өзінің шәкірттерін асыға күтеді!