Келіссөздер барысындағы медиациялық технологиялар

20-04-2018

Келіссөздер барысындағы медиациялық технологиялар

2018 жылдың 20 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Келіссөздер барысындағы медиациялық технологиялар тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті «Шаңырық» медиация орталығының директоры, «Отбасылық даулар мен қақтығыстар» саласында маманданған кәсіби медиатор Абдрахманова Елизаветта Амировна жүргізді.

Дәріс аясында медиация туралы түсінік беріліп, медиация үрдісін жүргізудің қағидалары мен принциптері және оның қолданылу аясы түсіндірілді. Семинар-тренингке қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қажетті жауап алды.

Іс-шара соңында семинар-тренингке қатысқандарға сертификаттар табысталды.