2013 жылы 8 сәуір күні Облыстық Достық үйінде Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» атты қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, іскерлік және халықаралық қатынас құралы ретінде, жастардың тілдерді меңгеру деңгейін анықтау.Біртұтас мемлекеттің негізінде мынадай идея жатыр: «Әрбір тіл – барлық адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениеттің баға жетпес қазынасы».Байқау 4 кезеңнен және тамаша концерттік бағдармадан тұрды. Байқауға қамамыздың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты, атап айтсақ: ҚАБУ, С. Амандолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ШҚАУ және т.б.Шара барысында концерттік нөмірлерімен Облыстық Достық үйінің «Азери» хореографиялық ансамблі, «Барвинок», «Мұсылман әйелдері» ҚБ «Ақниет» ансамблі, В.С. Антонов және басқалары қатысты.Байқауға қатысушылар қазақ халқының ұлылары туралы және тілі мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы бойынша берілген сұрақтарға жарыса отырып, өз білімдерін шеберлікпен көрсете білді. Байқау қортындысын шығара отырып, қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдады. Байқау соңында қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалынды билер мен әсем әндер залда тамаша атмосфера орнықтырып, көрермендерге көктемгі көтеріңкі көңіл сыйлады.Шараға 116 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі

