Тілдер айлығы

14-08-2014

Тілдер айлығы

2012 жылдың 11-14 аралығында Шығыс Қазақстан халқы тілдерінің ашық есік күндері өткізілді. Ашық есіктер күніне қала мектептерінің сонымен қатар, №27,32,42 Меновное селосы және Ахмер ауылының оқушылары қатысты.Неміс, кәріс, иврит, белорусс, украин, шешен, армян, татар, әзірбайжан тілдерін оқытатын оқытушылар осы аталған халықтардың тілдері бойынша, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, мәдениеті туралы оқушыларға кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар олар жаңа оқу жылғы бағдарламаларымен оқушыларды таныстырды. Сабақ барысында сұрақ жауап сайысы өткізіліп, халық дай мектеп оқушылары қатысты. Сонымен бірге осы шаралармен тұспа-тұс келген, этноауылда өткізілген «Тілдер фестиваліне» Облыстық Достық үйінің ЭМБ белсенді атсалысып, тілдер шеруіне қатысты. Облыстық Достық үйі