Тілдер күні мерекесіне арналған «Аспаздық патшалығының сиқыры» атты ашық сабақ

14-08-2014

Тілдер күні мерекесіне арналған «Аспаздық патшалығының сиқыры» атты ашық сабақ

Ағымдағы жылдың 17 кыркүйегі күні «Видергебург» неміс мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен А. Гумбольдт атындағы №12 мектеп гимназиясының 4 сынып оқушыларымен «Тілдер күні» мерекесіне арнап «Аспаздық сиқыры» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақты неміс мәдени орталығының іс-шараларын ұйымдастырушысы Т. Шнайдер жүргізді. Сабақтың мақсаты: балаларға үш тілді (қазақ, орыс, неміс) терең меңгерту, жылдамдыққа, тез ойлауға жаттықтыру, ой-өрісін кеңейту, әр халықтың тілін құрметтеуге үйрету. Сабақ барысында балалар «Ақылдылар» және «Гимназистшылар» болып екі топқа бөлінді. Сайыс 9 тапсырмадан тұрды. Балалар онда жемістердің атауларын үш тілде атап шықты. Жеміс-көкеністерден жасалатын тағамдарды сипаттау арқылы тағамдардың атын табу интелектуалды және асхана құралдарын атау ойындары жүргізілді. Саңырауқұлақтар салынған себет атты ойында балалар берілген тапсырма бойынша сөздер жазып, бір топ, екінші топтың жазған сөзін қайталамауы керек болды. Балалар сайыс кезінде өздерінің алғырда, жылдам екендіктерін көрсетті. Сайыс өте тартымды да, қызықты болып өтті. Сайыс соңында неміс мәдени орталығының өкілі Т. Шнайдер екі командаға, баланың ой-жүйесін жетілдіретін үш тілде құрастырылатын мазайкаларды және кітаптар сыйға тартты. Ашық сабаққа 17 бала қатысты.