Тілдер күні

25-09-2014

Тілдер күні

2014 жылдың 17 қыркүйегі күні Солжағалау кешеніндегі этноауылда Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай  Өскемен қаласында «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Облыстық Достық үйімен бірлесе отырып «Ана тілім-байлығым» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақта белорус және әзірбайжан этномәдени бірлестіктері болды. Іс-шара бағдарламасында белорус ЭМБ  «Дажынкі» астық жинау науқаны рәсімі  мен  әзірбайжан ЭМБ  той рәсімдерін көрсетті. Этноауылға келген қонақтар қатысушылардың  рәсімдерін сүйсіне қарап,  ұлттық ойындарын тамашалап,  мерекенің  шырайын келтірді.