Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі «Нұр Отан» ХДП жариялаған «Тілге құрмет – елге құрмет» Республикалық байқауына қатысып, қажетті құжаттарды партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы комиссиясына тапсырды.
«Алтын арқау» ҚБ облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене қатысып келе жатқан бірлестік. Оның директоры облыстың бірнеше аудандарында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша еңбек еткен білікті басшы, белді ұйымдастырушы Сағынбек Ақанов. Оған 2004 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағы берілді.
«Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі «Достық үйінің» сахынасы арқылы Шығыс өңірінің төріне қазақ халқының Үш бәйтерегін шығарды.
Оның мақсаты қазақ халқы үш жүзінің басын біріктірген. Төле би, Қазыбек би,Әйтеке би өсиеттер негізінде ұлттық тәрбие тағылымын, ұлтаралық келісім мен бірлікті насихаттау. Сондайақ ҚБ «Мемлекеттік тіл –менің тілім», «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тұғыры» байқауларының ұйымдастырушысы.
Осы «Алтын арқау» бірлестігінің директоры Сағынбек Ақановтың авторлық жобасы негізінде Шығыс халқы ұлтымыздың қассагерлік, жыршылық құндылықтарымен қайта қауышты. 2010 жылы тұңғыш рет «Ғасырлар ескен есілім, жырлармен жеткен есімің» облыстық жыршылар байқауын ұйымдастырды. Бұл байқау биыл республикалық деңгейде өткелі отыр.
Қоғамдық бірлестігінің құрамында Тарбағатай, Зайсан аудандарының құрметті азаматы Тияс Түсіпов Тарбағатай Күршімаудандарының құрметті азаматы Сайлаухан Ауқадиев, Зайсан ауданының құрметі азаматы Базарбек Омаров, елге танымал ел ағалары Төлеухан Әбілқасымов, Құскен Баймолдин, Қонапия Шайханов, Мұрат Әміренов, Ғаббас Құмаров, Кенжебек Тоғжанов белсенді өмір ұстанымын ұстап, еңбек етіп келеді.
«Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің 127 мүшесі бар. Олар еліміз тәуелсіздік алған 20 жылдың соңғы он жыл бойы Шығыс өңірі халқының бірлігі мен келісімі, ұлтымыздың тілін, мәдениеті мен салт дәстүрлерін дамыту мен қалыптастыруға белсене қатысып отыр.
«Нұр Отан» ХДП жариялаған байқауға халық назар тігіп отыр. Өйткені халықтық демократиялық партия Елбасы, Қазақстан Республикасы Президентінің партиясы.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» айқындалды. Шығыс Қазақстан облыстық «Достық үйі атындағы «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік тілге байланысты атқарған жұмысы «Нұр Отан» ХДП ШҚ облыстық филиалы құрған комиссияда кең қолдау тапты. Есепті құжаттың толық нұсқасы ХДП орталық аппаратына «Мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге және насихаттау ісіне үлес қосқан үздік ұйым» номинациясы бойынша республикалық байқауға ұсынылды.
Халықтық қолдауға ие болған «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне табыс тілейміз.