Өткенге – тағызым, болашаққа - тағылым

01-03-2022

Өткенге – тағызым, болашаққа - тағылым

Көптен күткен көктемнің алғашқы күні барлығымыздың сүйікті мейрамымызға айналған Алғыс айту күні келіп жетті.  1 наурыз күні республиканың түкпір-түкпірінен, түрлі этностар атынан қазақ халқына "рақмет" айтылатын күн. Дәл осы күні Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының ұжымы Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюға бастамашы болды. 

Акцияға қатысушылардың арасында неміс орталығының өкілдері – Шумахер Евгений, татар орталығының өкілдері – Юнусов Равиль, казак орталығының өкілдері – Артамонов Владислав болды. 

"Іс – шараның негізгі мақсаты-егеменді Қазақстанда қалыптасқан тарихи оқиғаларға құрмет көрсету. Біздің еліміз үш онжылдыққа созылған үлкен жолдан өтті. Осы уақыт ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік дамудың сапалы жаңа деңгейіне шықты, ал өзгермейтін құндылықтарымыз: бірлік, келісім және өзара құрмет алға жылжу үшін күш беріп, халыққа  қызмет етуді жалғастыруда", – дейді ұйымдастырушылар. 

"Бұл монумент Қазақ елінің мызғымастығы мен ұлылығын, бақытты оқиғалардың калейдоскопы арқылы өткен халықтың бірлігі мен күшін бейнелейді. Осы керемет құрылысқа қарап, біз екінші отанымызға айналған киелі жерді тұтамыз!",- деді неміс мәдени орталығының төрағасы Евгений Шумахер. 

Мейрам құтты болсын достар!