28-03-2022
Еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Пурим мерекесі тойланды. Шара барысында қонақтарға мерекенің тарихы мен ерекшеліктері таныстырылды. Пурим мерекесімен байланысты көптеген қызықты салт-дәстүрлер бар. Оэль Элиэзер – Хабад Любавич атындағы синагогада өткен шара аясындағы байқауларға ұйымдастырушылар мен қонақтар белсене қатысып, ән айтып, би билеп, мереке көрігін қыздыра түсті.
Мерекенің өз тарихы бар. Парсы хандығындағы Ахашверош атты патша кезінде еврейлердің өлімнен аман қалған кезінен бастап тойланып келеді. Дәстүр бойынша мереке барысында мол дастархан жайылып, оған мерекелік тағамдар қойылады. Сондай-ақ, бұл күні «мишлоах манот» атты дәстүр жасалады. Оның аудармасы – бір-біріне тағамдар жіберу. Адамдар бір-біріне тағамдар ұсынады. Әйелдер сыйлықтарды әйелдерге, ал еркектер еркектерге жолдайды.
2400 жыл бойы еврей халқы өздерін жойылудан сақтап қалған оқиғаны «Пурим» мерекесі ретінде атап өтеді. Екі жарым ғасырға жуық тарихы бар бұл мерекені еврей халқы карнавал шеруі, театрландырылған қойылымдар түрінде өткізе отырып, кең көлемде қызықты атап өтеді.
Мереке соңында Еврей этномәдени бірлестігінің мүшелері барлық қонақтарды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық пен бейбіт өмір тіледі.