11-04-2022
Жаппай диктант - барлық тілек білдірушілер үшін ерікті диктант түріндегі жыл сайынғы ағартушылық акция. Бұл -белсенділер мен еріктілердің ынта-ықыласымен жүзеге асырылатын қоғамдық жоба. Акцияның ұйымдастырушысы - "Тотальный диктант" қоры (Новосібір). Дәстүрлі акцияның мәтінін белгілі жазушы әзірлейді. Жаппай диктантқа жасына, жынысына, біліміне, діни сеніміне, кәсібіне, отбасылық жағдайына, қызығушылықтары мен саяси көзқарастарына қарамастан кез келген адам қатыса алады.
Осы бағыттағы іс-шара "Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығында"да өткізілді. Біздің қаламыздағы университеттердің студенттері Марина Степнова құрастырған "Шілде" тақырыбына диктант жазып, өздерінің сауаттылығын тексерді. Іс-шараға қатысушылар дыбысталған, арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады, содан кейін жаппай диктант жазуға кірісті.
Акцияның мақсаты - сауатты болу әр адам үшін маңызды екенін көрсету; орыс тілін меңгеру оңай емес, бірақ қызықты әрі пайдалы екеніне сендіру; орыс тілінде жаза алатын немесе сөйлегісі келетін барлық адамдарды біріктіру.
"Бұл іс-шара менің ойымша, өзге елдердің қазақ әдебиеті мен мәдениетін, төл туындыларымызды оқуға жаңа серпін береді. Диктантты жазу арқылы өз сауаттылығымызды тексеріп, үлкен тәжірибе жинақтадым" дейді Қазақстан-Американ университетінің студенті Жарқынбек Самғар.