27-08-2024
«Ассамблея жастары ШҚО» лагері аясында «Болашақ экономиканы қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында тренинг өтті. Оны «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Элеонора Олеговна Столярова жүргізді.
Қатысушылар жаһандық экономикалық үрдістер және оларды қалыптастырудағы жастардың рөлі туралы білді. Элеонора Олеговна тұрақты және инновациялық экономикалық болашақты құруда өскелең ұрпақтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, ағымдағы білімдері мен пайымдауларымен бөлісті.
Тренинг жастарды ел мен аймақтардың экономикалық дамуына оң әсер ететін тың идеялар мен жобаларды ұсынуға шабыттандырды.