«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

17-09-2017

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2017 жылдың 15 қыркүйегі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесі төрағасы Шик Лео Багданович, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Карманов Асхат Сайлауханұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің қызметкерлері, ШҚО Ішкі саясат басқармасының мамандары мен облыстық Халифа Алтай мешітінің имамы Мұхтанов Мәди «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының халыққа жолдауындағы айтылған маңызды мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған дөңгелек үстел отырысын өткізді. Отырыс барысында Ішкі істер басқармасының басшысы Нелли Леонидовна Краснобаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылып жатқан тың жобалармен таныстырып өтті. Сонымен қатар құндылықтарды сақтауға көп көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының халыққа жолдауындағы айтылған маңызды мәселелерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасауға әзір екенін білдірді.